Олардың арасында 1 бала бар
Астанада «Хан Шатыр» жанындағы ғимарат өртке оранды. ТЖМ оқиғаға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметі бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеуде. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған.
«Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үй. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде.
ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазіргі уақытта жоғары қысымды сорғылар жұмыс істеуде. Сөндіру жұмыстары жүргізілуде. ТЖМ күштері мен құралдары жұмыс атқаруда», - делінген хабарламада.