Меккеде 550 қажы қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Меккедегі мешітте ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен

Фото: ҚМДБ

Сауд Арабиясына қажылық кезінде қаза тапқан қажылардың жалпы саны 550-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

AFP хабарлауынша, олардың 323-і египеттіктер, барлығы аптап ыстықтан қайтыс болды, тек бір адам жарақаттан көз жұмды. Қаза тапқандардың 60-қа жуығы иорданиялықтар.

17 маусымда Меккедегі мешітте ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Биылғы қажылық 14 маусымда басталып, 19 маусым күні кешке аяқталады.