Қостанай қалалық ауруханасы карантинге жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауруханада жатқан пациентке COVID-19 диагнозы қойылған

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай қалалық ауруханасы карантин режиміне көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай қалалық ауруханасында қызметкерлер мен емделушілерге коронавирус инфекциясына қарсы талдау жасалды. 23 сәуір күні проктологиялық бөлімшеде жатқан 1965 жылы туған пациентке COVID-19 диагнозы қойылды. Осыдан кейін бірден эпидемияға қарсы іс-шаралар қабылданып, ауруханада болғандардың бәрінен анализ алынды. Әзірге аурухана карантин режиміне көшіріледі», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Бүгін КВИ анықталған емделушімен жақын қарым-қатынаста болған барлық қызметкерлер мен науқастар қалалық аурухана ішіне оқшауланды. Аурханаға жүгінетін адамдар жолдамамен облыстық ауруханаға жіберіледі.