Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Құран оқытты

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.