Бүгін төрт қалада ауа ластанады – «Қазгидромет»

Автор: Azattyq Rýhy

Тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия болуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет»РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«2024 жылғы 16 маусымда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Атырау, Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.