Өскеменде ағаш басына шығып, төмен түсе алмай тұрған мысық құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылған мысық иесіне тапсырылды

Фото: ҚР ТЖМ

Өскемен қаласында ерекше құтқару оқиғасы болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күні бойы ағашта отырған және өздігінен түсе алмайтын мысыққа көмекке келді.

«Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен мысықты үшінші қабат деңгейіндегі биіктіктен түсіріп, иесіне тапсырды.

Біз үшін әрбір өмір маңызды!» – деп жазады ҚР ТЖМ.