Астанада әйел адам лифт шахтасына құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға мектептердің бірінде болды

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының Алматы ауданында мектептердің бірінде 1986 жылы туған әйел адам лифт шахтасына құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары лифт шахтасына құлаған әйелге көмекке келді.

«Үш тізелі баспалдақтың көмегімен 40 жастағы әйел көтеріліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.