Мерзімі өткен тамақ, эпидемиологиялық талап: прокурорлар 4,5 млн теңге айыппұл салды
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 4,5 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аудан прокуратурасы мамандарды тарта отырып жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балалық шақ мемлекеттің қорғауында.
Тексеру барысында білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығының сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) сәйкес келмеуінен көрініс тапқан көптеген бұзушылықтар санитарлық ережелерге, калориялығы бойынша дайын тағамдарға, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалардың болмауына және т.б. анықталды.
ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды», — делінген прокуратура хабарламасында.
Білім беру объектілерінде қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған бұзушылықтар жойылды.