Су құбыры, тариф құны, электр энергиясы: Павлодарда саяжай өкілдері шағымданды

Azattyq Rýhy

Қала әкімі кездесу өткізді

Су құбыры, тариф құны, электр энергиясы: Павлодарда саяжай өкілдері шағымданды
Фото: Хасар Хабылбековтің Instagram парақшасынан скрин

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков «Энтузиаст» саяжай иелерімен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Маған түрлі саяжай шаруашылықтарының өкілдерінен көп өтініш түсуде. Олардың басым бөлігінің мәселелері біртектес. Көбінесе кооператив жұмысына шағымдануда. Оның ішінде электр энергиясы бағасының қымбаттауы, тозығы жеткен су құбырлары, су тарифінің жоғарылауы және қоқыстың уақытылы шығарылмайтыны айтылды», – дейді Хасар Хабылбеков.

Бұдан бөлек, кооперативте неліктен үш адам ғана тіркеліп тұрғаны жайлы мәселе көтерілді. 

Қала әкімі саяжай кооперативінің жұмысын анықтауды тапсырды. Кооператив құрылтайшыларының жұмысының заңдылығын тексеру үшін экономикалық тергеу департаментіне және монополияға қарсы ведомствоға өтініш жолдау туралы шешім қабылданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.