Футбол: Германияда Еуропа чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Салтанатты шара Мюнхен қаласындағы «Альянс-арена» стадионында өткізілді

Фото: dailysports.net

Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатты шара Мюнхен қаласындағы «Альянс-арена» стадионында өткізілді.

Ойын алдында Еуропа чемпионына берілетін кубокты Германия құрамасының экс-капитандары Юргенн Клинсманн мен Бернард Диц алып шықты. Дәл қазір А тобында Германия - Шотландия құрамаларының кездесуі өтіп жатыр.

Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.