Қазақстанда экс-денсаулық сақтау министрі қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

81 жасында Талапқали Ізмұхамбетов дүниеден озды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Қазақ КСР-нің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов дүниеден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 1987-1990 жылдар аралығында денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Кейін президент аппараты мен Қазақстан министрлер кабинетінде сектор меңгерушісі және бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Ізмұхамбетов Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды.