Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бүгін, 13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
«Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетіледі», - делінген министрлік хабарламасында.