Қызылордада сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді

Фото: istockphoto.com

Қызылордада белгісіз біреу полицияға сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар берген. Полиция аталған хабарламаның жалған екенін анықтады. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, кеше, 12 маусымда кешкі уақытта Қызылорда қаласында орналасқан «Жібек жолы» сауда орталығында күдікті зат туралы полицияға хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметкерлер жіберілді.

«Тексеру барысында тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады. Полиция қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.