Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Автор: Azattyq Rýhy

Концертке дейін олар «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралап көрді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға дейін мемлекеттер басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының фойесіне қойылған «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралап көрді.

Көрмеге алтыннан жасалған археологиялық тарихи жәдігерлер, соның ішінде басты экспонат ретінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкцияланған киімі мен қару-жарағы қойылған.