Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Ел аумағында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі.

Еліміздің шығысында – қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарыныңбатысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.