Олар өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен БРИКС-тің дамушы елдерімен Диалогының Министрлік сессиясына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Cондай-ақ министрліктердің кездесу алаңында ҚР СІМ басшысы Ресей, Түркия, Беларусь, Иран, Шри-Ланка және Эфиопия Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.