Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің денесі іздестірілуде

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің денесі іздестірілуде,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше 10 маусымда сағат 14-30-да Кенжекөл ауылында Ертіс өзенінде шомылуға жабдықталмаған жерде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Өңірлік ТЖД бір топ адам шомылуға жабдықталмаған жерде демалғанын атап өтті.

ТЖД құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр.