Қосшылық әкелер қымыз ішіп, шалма салудан жарысады

Автор: Azattyq Rýhy

Фестиваль 13 маусым күні басталады

Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшыда «Әкелер күні» мерекесіне арналған «OTBASY FEST» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фестивалдің мақсаты — дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, үлгілі ата-ана болу идеясын қалыптастыру, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкелер рөлінің маңыздылығын арттыру. 

«OTBASY FEST» фестивальде қызықты жарыстар, түрлі сайыстар күтеді. Атап айтқанда қымыз ішуден жарыс, арқан тартыс, шеге қағу, шалма салу сияқты танымдық жарыстар өтеді.

Фестивалге қатысатын әкелер отбасы мүшелерімен бірдей киім киіп келуі керек. Бұл олардың бір отбасы мүшесі екендіктерін білдіреді және алаңға төсеп отыратын көрпешелер ала келуі қажет. 

Сайыс жеңімпаздарына тұрмыстық техникалардан арнайы сыйлықтар табысталады. 

Фестиваль 13 маусым күні сағат 17:00-де Қосшы қаласы мектеп-гимназиясының ауласындағы жасыл алаңда басталады.

Тегтер: