Өңірлерде найзағай мен жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 11-13 маусым аралығында Қазақстанда ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің айтуынша, елдің көп бөлігінде найзағай тұрып, қатты жел аралас жаңбыр жауады. Ең қарқынды жаңбыр 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда елдің орталығында тіркеледі деп күтілуде.
«Республиканың солтүстігінде тәуліктік басым температура +20 және +25°С аралығында болады. Шығыста және орталықта +22-ден төмендеу температура болжанады. Оңтүстікте қатты ыстық +33 градусқа дейін әлсірейді», - делінген ақпаратта.