Римде Bulgari дүкенінен ұрылар 500 мың еуроның тауарын қолды қылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде

Фото: ilmessaggero.it

Римде ұрылар Bulgari дүкенінен жарты миллион еуроның тауарын қолды қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Итальяндық Il Messaggero басылымының жазуынша, 9 маусым, жексенбіге қараған түні ұрылар Римдегі ВИА де Кондотти көшесіндегі Булгари дүкенін тонаған.

Ұрылар әрқайсысы шамамен 30 мың еуро тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен, нәтижесінде жалпы шығын шамамен 500 мың еуро болды.

Қылмыскерлер дүкенге түн ортасында кеңсе бөлмелерінің бірінің еденіндегі тесік арқылы кірген. Қарақшылаар тобы бес адамнан тұрады, олардың барлығы қолғап пен балаклава киген.

Дабыл қосылғаннан кейін полиция оқиға орнына келді, бірақ дүкеннің есіктері құлыптаулы болыпты. Тергеушілер дүкен ішіндегі қауіпсіздік камераларынан, сондай-ақ көрші дүкендердегі камералардан және қалалық қауіпсіздік жүйесінен жазбаларды алды.

 Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.