Ол таспамен жаттығуда қола, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды
Ресейдің Омбы қаласында екі дүркін Олимпиада чемпины Евгения Канаеваның жүлдесі үшін жарыс өтуде. Аталған сында қазақстандық Милана Парфилова көзге түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Милана таспамен жаттығуда қола, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.
«Топтық жаттығудан Қазақстан командасы бес шығыршықпен жаттығуда турнирдің күміс медалін иеленді. Қазақстан командасы көпсайыста қолаға қол жеткізген болатын», - делінген хабарламада.