Ақмола облысында өрттен 4 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт 22 минутта сөндірілді

Фото: istockphoto.com

Щучинск қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде 12 шаршы метр алаңда өрт шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 4 тұрғынды құтқарды. Кейін олар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

«ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 22 минутта сөндірілді.

Құтқару операциясына қатысқандар: Әсет Жолдасбаев бөлімше командирі; Аманжол Шырылдақов аға өрт сөндіруші құтқарушы; Данияр Оразалин Щучинск қ. 6-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы», - делінген министрлік хабарламасында.