Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде
Мексиканың Сан-Луис-Потоси штатында 9 маусымға қараған түні Rich түнгі клубының балконы құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілердің ақпараты бойынша, жүздеген адам танымал музыкант Кевин Мореноны тыңдауға жиналған. Адам көп болғандықтан, бір-бірін итеріп, дүрбелең басталды.
Бір кезде мекеменің балконында әйнек жарылып, қоршаулар сынған, бұл үлкен биіктіктен он шақты адамның құлап кетуіне себеп болды.
Алғашқы мәліметтер бойынша, үш адам қайтыс болғаны белгілі. Дүрбелең басталғандықтан 20-дан астам келушілер зардап шекті. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде.