Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай бірқалыпты
Бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 9 маусымда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.