Қазақстан-Қытай шекарасы: автомобиль өткізу пункттері 10 маусымда жұмыс істемейді

Автор: Azattyq Rýhy

Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады

Фото: istockphoto.com

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 10 маусымда жабық болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің мәліметінше, ҚХР-да «Айдаhар қайықтары» мерекесін тойлауға байланысты 2024 жылғы 10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. 

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылар және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы ескертіледі.