Жол апатынан 400-ден аса адам жарақат алды
Павлодар облысында бес ай ішінде 335 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Департамент мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері облыста жол-көлік апаты салдарынан 20 адам қаза тауып, 404 адам жарақат алды. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 123 ЖКО тіркелді.
«15160 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған. Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы қайтымсыз салдарға әкеледі.
49 770 жол жүру ережесінің бұзылуы тіркелді, оларға 741 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Ал 15 160 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған.
Павлодарлық полицейлер жүргізушілерден заңнаманың талаптарын білуді және қатаң сақтауды сұрайды», - делінген департамент хабарламасында.