Әнші сөмке түрінде жасалған вазаларын көрсетіп, мақтанды
Әнші Ерке Есмахан жолдасы RaiM тарту еткен сыйлықтарын көрсетіп тұрады. Бұл жолы әнші күйеуінің сыйға тартқан вазаларын суретке түсіріп, әлеуметтік желісіне салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші алдымен ваза түрінде жасалған екі сөмкенің суретін жүктеп, «екеуін де күйеуім сыйлады» деді. Оқырмандары RaiM Ерке Есмаханға кезекті бренд, қымбат сөмке сыйлады деп ойласа керек, Ерке Есмаханға хат жазған.
«Райымның ақшасын құртып, сөмкеге тоймайды деп жатқан оқырмандарыма жалынды сәлем. Бұл – гүл салатын ваза» деп жазды әнші.
Айта кетейік, жуырда Ерке Есмаханның жаңа киімі ел назарын аударған болатын.