Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Прокуратура оны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзіне сүйенсек, бұл әкім шаруа қожалығын конкурсқа қатыстырмай-ақ оған 120 гектар жер беріп жіберген. Яғни, Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзған.

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген, мақсатты түрде пайдаға жаратылмаған. Сонымен қатар, біреулерге жер заңнамасын бұза отырып берілген.