«7,5 млн теңге несие рәсімделген»: полиция алаяқтық әрекеттің алдын алды

Azattyq Rýhy

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады

«7,5 млн теңге несие рәсімделген»: полиция алаяқтық әрекеттің алдын алды
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысы Рудный қаласының полицейлері алаяқтықтың жолын кесті. Тәртіп сақшыларының арқасында 7,5 млн теңге көлемінде несиеге өтінім тоқтатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

30 мамырда алаяқтар Рудный тұрғынына қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері деп таныстырған. Ер адам қаскүнемдердің айласына сеніп, қашықтан қосылатын бірнеше қолданбаны жүктеп алды. Біраз уақыттан кейін бұл әрекет оған күмән туғызып, ол полицияға қоңырау шалды.

«Оның үйіне келгеннен кейін біз барлық жеке шоттарды бірге тексердік, ешқандай несие таппадық», – деді учаскелік полиция қызметкері.

Келесі күні полицейлер сенімділік үшін жергілікті тұрғынды несие тарихын алу мақсатында ХҚО-ға баруға көндірді. Онда оған 7,5 млн теңге көлемінде несие рәсімделгені анықталды, алайда ақша әлі де жәбірленушінің жеке шотында болған. ХҚО мен банк қызметкерлерінің көмегімен несие бойынша операция жойылды.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Сонымен қатар қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатпауды сұрайды. Алаяқтардың айла-амалдарына бойсынбау керек. Күдік туындаған жағдайда, асығыс әрекет жасамай, 102 пультіне хабарласу қажет.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.