Бұл статистиканы «ҚазАвтоЖол» компаниясы ұсынып отыр
Қазақстандағы алғашқы ақылы учаскесі «Астана-Щучинск» автожолына ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылғаннан бері осы жолмен 90 миллионнан астам сапар жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Яғни, бұл жолмен 13 миллион көлік өтті деген сөз.
«2013 жылы пайда болған бірінші ақылы учаске «Астана-Щучинск» жолы еліміздің жол инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды», - деп жазады ҚазАвтожол.