Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижесінде прокуратура 110 фермерлік шаруашылықтың тиісті субсидияларын ала алмағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Фермерлер субсидияға өтінімдерін 2023 жылдың шілдесінде бергеніне қарамастан, төлемдер 2024 жылға дейін кешіктірілді. Фермерлер алдындағы қарызының жалпы сомасы 199 миллион теңгені құрады, алайда өтінімдерді қарау мерзімі 14 жұмыс күнін құрайтынына қарамастан, кідірістер орын алды», - делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура барлық фермердің субсидияларын алуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады.