Қазір бөгеттегі су тасжолды басып қалды
«Атырау-Таңдай-Хамит Ерғалиев» жолындағы қорғаныс бөгеттерінің алынуына байланысты жолды су басты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел штаб мәліметінше, мұндай шешім Таңдай ауылы мен «Коровник» қыстауын су басудан аман алып қалуы үшін өр суының жолдың екінші бетіне шығаруынан туындаған.
«Махамбет, Индер аудандары осы жолмен Атырау қаласына шығатын едік. Су күшейіп тұр. Көлігіміз су кешіп өтіп жатыр. Бұл көлікке зиян, басқа амалымыз қалмай тұр. Егер басқа бір шарасын алмаса қатынас болмай қалуы мүмкін», - дейді индерліктер.