63 мыңнан аса адам үйіне оралды
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Республика бойынша 63 063 адам өз үйлеріне оралды. 5268 адам эвакуациялау пункттерінде.
«28,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8.1 млн астам қапшық және 1.5 млн астам тонна инертті материал төселді», – делінген хабарламада.