Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева еліміздегі балалардың қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Балаларды қорғау, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау қоғамның әр мүшесі үшін басымдық екенін бәріміз түсінуіміз керек! Балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – ортақ мақсат.
Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі ересектерге және ең алдымен оның ата-анасына байланысты. Ата-ана ретінде балаларымыздың тағдыры үшін бірінші кезекте біз жауапты екенінімізді үнемі есте ұстауымыз керек», - дейді Динара Закиева.
Уәкілдің айтуынша күн сайын бірнеше бала түрлі жағдайларға байланысты қайтыс болып жатыр.
«Бір өкініштісі, статистика балаларға қауіптің жиі төнетінін көрсетеді. Күн сайын 3 бала терезеден құлап, уланудан, жарақаттанудан, көлік апатынан қайтыс болып жатыр. Зорлық-зомбылыққа қатысты трагедиялардың көбін болдырмауға болушы еді, 70% жағдайда айналадағы адамдар уақытында әрекет етпеді», - дейді ол.
Сөзін жалғай отырып, бүгінгі мерекемен балаларды құттықтады.
«Бүгін, Балаларды қорғау күні, мен, қымбатты ата-аналар, ересектер, бәріңізді, балаларға сезімталдық пен жауапкершілік танытуға, балалар қорғаушысы болуға, оларға қиын жағдайда көмектесуге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті болдырмауға шақырамын!
Біздің балалық шақты қорғаудың ұлттық жүйесінде біз биліктің барлық тармақтарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы мен қолдауына сенеміз.
Бәріміз бірге балаларымыздың бақытты балалық шағы үшін қажет нәрсенің бәрін жасай алатынымызға кәміл сенемін!» - дейді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.