Каспий акваториясында 21 браконьерлік фактінің алды алынды
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 3 368 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК мәліметінше, мынандай іс-шаралар жүргізілді:
Мемлекеттік шекара арқылы 1 739 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
Каспий акваториясында 21 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
«Алды алынған залал сомасы 279 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.