Құтқарушылар сақ болу керек екенін ескертті
Алматы облысының Байсерке ауылында қоғамдық көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды
Өрт сөндірушілер жолаушылар автобусындағы өртті сөндірді.
«Алматы облысының Байсерке ауылында қоғамдық көлік отқа оранды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар азаматтарды кезекті рет сақ болу керек екенін ескертті.
«Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз», – деп ескертті өрт сөндірушілер.