Үш облыста үсік жүруі ықтимал
Қазгидрометтің болжамынша, аймақтардың басым бөлігінде бүгін жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облысы
Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
Rүндіз Атырау облысында облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 01 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 01 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Қарағанды облысы
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 01 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Астана
Астана қаласында 01 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 01 маусымда күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Жамбыл облысы
Күндіз 01-02 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 01 маусымда найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 02 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. 01-02 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 01 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 01 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 01 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Абай облысы
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзайғай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Облысың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 01 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.