Күйік шалған екі қыздың бірінің жағдайы қалыпты
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс үстінде екі бірдей кран машинисі күйіп қалған болатын. Олардың бірі ауыр жағдаймен ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«25 жасар пациент Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға 25 мамыр күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Барлық емдеу шаралары толыққанды жүргізілгеніне қарамастан ол ауруханада көз жұмды», - деп мәлімдеді басқармадан.
Айта кетейік, күйік шалған екі қыздың бірінің жағдайы қалыпты, қазіргі уақытта амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Өндіріс орнында болған жазатайым оқиға бойынша өңірлік еңбек басқармасы тексеру шараларын жүргізуді бастады.