Астанада тағы бір көше жөндеуге байланысты жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті

Фото: istockphoto.com

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы жылдың 30-31 мамыр аралығында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.