Олар шетелде де радикалды діни идеологиямен айналысқан
2024 жылы 28 мамырда Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тергеу мәліметтері бойынша, олар бұрын шетелде ұзақ уақыт тұрып, сол жақта радикалды діни идеологиямен айналысқан. Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмыстары жоқ.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.