Украиналық келіншек Шымкенттегі периниталдық орталықта босанды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүкті әйел жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген

Фото: freepik.com

Шымкент қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері украиалық әйелді босандырып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Диана Щебетун жүктіліктің 33-аптасында толғағы қысып, жедел жәрдем көлігімен перинаталдық орталыққа жеткізілген. Дүниеге келген сәбиге дәрігерлер «өңештің артрезиясы» диагнозын қойған. Өңештегі туа біткен ақауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өткен.

«Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді. 1700 грамм салмақпен туған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды», - делінген әкімдік мәліметінде.

Айта кетейік, Украинадан келген әйелдің өзі де дәрігер екен. Ал жолдасы – «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы. Келіншек жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Сол кезде толғағы қысып, периниталдық орталыққа жеткізілген.