Ол төрт жылға сотталған болатын
Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевтың інісі өз үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот кабинетінде Бақытжан Байжанов өзіне тағылған үкімге дау айту үшін апелляциялық шағым бергені туралы ақпарат пайда болды.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаевтың інісін Астана соты Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін 24 жылға сотталған экс-министрдің адвокаттары алқабилер сотының үкіміне шағымданатындықтарын айтқан.