Елдімекен аумағында су айдау жұмыстары жүргізілуде
Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жер үй мен 20 аула аумағы су астында қалды.
«Құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастыруда», - делінген хабарламада.