Өрт толық сөндірілді
Қызылорда облысында электр жабдықтары тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
25 мамырда Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Қазалы ауданының Байқожа ауылының тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында фура жүк автокөлігі жануда деген хабарлама келіп түскен.
«Барлау жұмыстарын жүргізу барысында «Volvo» жүк автокөлігіне тиелген жүктің салмағы 9 тонна болатын электр жабдықтары (розетка, включатель, переноска) жанғаны анықталды. Өрт толық сөндірілді. Оған №8 өрт сөндіру бөлімінен 1 техникасымен 6 қызметкер жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.