1200-ге жуық үй бүлінген
Папуа-Жаңа Гвинеяда лай көшкінінен опат болғандардың саны 300-ге жетті. Табиғи апат салдарынан 6 елді мекенді тас аралас лай батпақ басып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сільеме жасап.
Елде 1200-ге жуық үй бүлінген. Қазір жапа шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Бірақ онда жету мен із-түзсіз кеткендерді іздестіру қиынға соғуда - дейді мамандар. Өйткені адамдардың көбі үйінді астында қалған. Ал елді мекендерге тікұшақпен ғана жету мүмкін.