Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Былтырғы әлем біріншілігінде ол екінші орынға тұрақтаған еді

Фото: Olympic.kz

Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген.

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленген.

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді.

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған.