Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бір облысында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-не сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мәліметінше, 2024 жылдың 26 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау қаласында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.