Шымкентте нөсер жауыннан бірнеше жолды су басып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін бірқатар өңірде күн бұзылып, нөсер жауын жауды

Фото: t.me/qr_tjm

Шымкентте нөсер жауыннан бірнеше жолды су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Шымкент қаласында орын алған нөсер жауыннан Темірлан тас жолы мен Ахунбабаева көшесінің қиылысында көпір асты жолды су басып қалды. Жаңбыр суының тереңдігі 50 см құрап отыр.

Судың бағытын бұру жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД және қалалық қызметтердің күштері жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін бірқатар өңірде күн бұзылып, нөсер жауын жауды. Ақмола облысы аумағына қар жауып, жолдар жабылды.