Мамандар жолда қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр
Ақмола облысы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1080-1140 шақырымындағы Колутон ауылы мен Новочеркасское ауылы аралығындағы учаскеде жол қозғалысы ашық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» филиал мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникамен қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске сала кететйік, ат алған аумақта бүгін қар жауып, ауа райы қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілген болатын.