Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Батыс аймақта шаңды дауыл болуы ықтимал

Фото: istockphoto.com

Еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана

Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кейде 23 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күңдіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с. Қарағанды қ.: 25 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавлда 25 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 25 мамырда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Жезказған қаласында 25 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. 25-26 мамырда облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 25 мамырда күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз кей уақыттарда күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 25 мамырда күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз кей уақыттарда күші 15-20 м/с.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Алматы қ.: 25 мамырда түнде найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 25 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батыстан ауысып соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 25 мамыр түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Абай облысы

Түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 25 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Өскемен қ.: 25 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Павлодар қ: 25 мамырда түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

Атырау облысы

Атырау облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады Атырау қ.: 25 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 25 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 25 мамырда жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз облыс бойынша кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 25 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 25 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысы

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі.